
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің "Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті 2024 жылдың 1 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен жаңа піскен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 040721) әкелуге 6 айға уақытша тыйым салуды еске салады.
Тыйым жұмыртқалардың Қазақстан аумағы арқылы транзитіне, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан біздің еліміздің аумағы арқылы ЕАЭО-ға мүше екінші Мемлекеттің аумағына өтуіне қатысты қолданылмайды.
Көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тауық жұмыртқасын импорттауға уақытша тыйым салынды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы