Date of publication: 14.06.2024 17:10
Date of changing: 14.06.2024 17:12

Петропавл қаласында мемлекеттік кірістер Комитетінің (МКК) және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен "Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы және ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы нақты тауарлардың өткізілуіне мемлекеттік бақылау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелерін түсіндіру" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бизнес өкілдері, мемлекеттік кірістер органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қызметкерлері қатысты.

"Дөңгелек үстел" барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар нақты тауарлардың толық тізбесі бар ашық қолжетімділікте ақпараттық интернет-ресурс құру туралы Өнеркәсіп министрлігіне МКК сұрау салуға бастамашылық жасау туралы ұсыныс енгізді. Осы интернет-ресурсты құру өнеркәсіп министрлігіне өтініштерді барынша азайтуға мүмкіндік береді және СЭҚ қатысушылары тауардың нақты санатқа жататынын өз бетінше анықтай алады.

Іс-шараға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы