Date of publication: 28.06.2024 14:24
Date of changing: 28.06.2024 14:27

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде (МКД) ZOOM платформасында аумақтық басқармалар басшыларының қатысуымен жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша кеңес өтті.

МКД басшысының орынбасары Руслан Рахимберды кеңесті аша отырып, жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне қатысушыларға табыс туралы декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін екі жарым ай қалғанын атап өтті және осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етті.

Сондай-ақ, Руслан Рахимберды Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Успен ауданы бойынша МКБ-ның белсенді жұмысын атап өтіп, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының (МКК) қызметіне баға берді.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы