Date of publication: 10.09.2024 17:29
Date of changing: 10.09.2024 17:32

Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, Салық кодексіндегі өзгерістер, кірістер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері, декларацияны ұсынбағаны үшін жауапкершілік және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

– 2024 жылы Павлодар облысында кірістер туралы декларацияны 180 мыңнан астам жеке тұлға беруге міндетті, қазіргі уақытта декларацияны облыстың 143 мыңнан астам тұрғыны ұсынды. III кезең шеңберінде декларанттардың (ерлі-зайыптылармен) саны 68 мыңнан асады, декларацияны (250.00 СЕН) 46 мыңға жуық жеке тұлға немесе 67, 3% ұсынды. Алғашқы екі кезеңдегі декларанттардың саны 116 мыңнан астам адамды құрайды, (270.00 СЕН) декларацияны 97 мыңнан астам немесе 83,0% ұсынды, – деп атап өтті Руслан Рахимберды және декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауға шақырды.

Брифингке өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ербулат Ғаббасов қатысты.

БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы