Date of publication: 26.09.2024 10:24
Date of changing: 26.09.2024 10:26

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері оңалту және банкроттық саласындағы өтініштерді қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара барысында әдейі банкроттықтың негізгі белгілері, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу мәселелері қаралды.

Павлодар облыстық сотының алаңында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары, экономикалық тергеу департаментінің, облыстық прокуратураның қызметкерлері, әкімшілер қатысты.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы