
Мүлік салығының сомасын "е-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" деректемелері бойынша, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank" банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады.
Мүлік салығын заңнамада белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда салық берешегі туындайды.
1 еселенген АЕК мөлшерінде салық берешегі болған кезде хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін Мемлекеттік кіріс органдары салық бұйрығын шығарады.
Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.
Өз кезегінде жеке сот орындаушылары берешек сомасына қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25% - на дейін өндіріп алады, бұл шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықты айтпағанда.
Құрметті павлодарлықтар, мемлекет алдындағы салық міндеттемелеріңізді уақтылы орындаңыздар!
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы