Date of publication: 23.10.2024 13:06
Date of changing: 23.10.2024 13:09

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салынғанын еске салады.

2024 жылғы 8 қазаннан 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алманы әкелуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алманың халықаралық транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алманы (ЕАЭО СЭҚ ТН коды: 080810) әкелуге тыйым салынды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 қазандағы №343 бұйрығы).

 

Павлодар облысы бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы