Date of publication: 14.03.2017 13:43
Date of changing: 14.03.2017 13:45

Облыстың мемлекеттік кірістер органдары 2016 қаржы жылын табысты аяқтады, барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттерге салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсу жоспарының орындалуы қамтамасыз етілді.

2016 жылғы мемлекеттік бюджет жоспары 114,4% орындалды,  жоспардағы  205 573,9 млн. тенгенің орнына нақты 235 198,9 млн. тенге түсті.  2015 жылмен салыстырғанды өсу қарқыны 146,9 % құрады.

Соның ішінде республикалық бюджет 122,6 %-ға орындалды, жоспардағы  120 220,1 млн. тенгенің орнына  нақты 147 424,8 млн. тенге түсті. Кейінгі жылдар ішінде рекорттық өсу қарқыны қамтамасыз етілді  - 174,8 %. 

Жергілікті бюджет 102,8%-ға орындалды, жоспардаға 85 353,8 млн.тенгенің орнына 87 774,1 млн. тенгенің түсімдері қамтамасыз етілді, өсім  -  2 420,3 млн. тенгені құрады. Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны 115,8  %-ды құрады.

Кедендік төлемдер бойынша да түсім жоспары артық орындалып 130,7 % болды, жоспардағы 14 703,5 млн. тенгенің орнына нақты 19 220,3 млн.тенге түсті.

2016 жыл бойынша жасалған талдау экономиканың барлық салалары бойынша өсу қарқынын көрсетті, соның ішінде ең үлкен өсу қарқыны келесі салаларда байқалды:

- қайта өңдеу өндірісі бойынша салықтардың түсуінің өсу қарқыны 208,4 % құрады, немесе өсім 38 059,2 млн. тенге болды, соның ішінде ірі салық төлеушілер: «ПМХЗ» ЖШС, КазМинералсБозшаколь» ЖШС, Қазақстан алюминиі АҚ,  КазхромТҰК АҚ АФЗ.;

- құрылыс саласынан түскен салықтардың өсу қарқыны 323,8 % құрады немесе 25 615,7 млн. тенге болды, соның ішінде ірі салық төлеушілер: «NFC Казахстан» ЖШС, Rominserv S.R.L. Қазақстандағы филиалы.

Жалпы облыстың бірқалыпты экономикалық дамуы бюджеттің кіріс жағын толтыруға да оң әсерін тигізді. Облыста инвестициялық жұмыстар қарқынды жүргізіліп жақсы нәтижелерін көрсетуде.Мысалы, Мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тек қана  Павлодар қаласында жалпы құны 5,1 миллиардты құрайтын инвестициялық үш жоба іске асырылып, соның нәтижесінде қосымша 172 жұмыс орындары пайда болды.

Курорттық айматың инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2017 жылға Баянауыл ауданын дамытуға 5 млрд. теңге қаражат бөлінді, ол тиісінше жұмыспен қамтамасыз етуге әсерін тигізіп, қосымша жұмыс орындары пайда болады деген сөз. Қосымша енгізілген өндірістер мен жұмыс орындары бюджетке қосымша салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамсыз етеді.

Мемтекеттік кірістер органдары 2016 жылы бюджеттің барлық деңгейіне қосымша түсетін салық салу көздерін іздестіру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп, камералдық бақылаудың, салықтық және кедендік әкімшілендірудің нәтижесінде бюджетке қосымша 7100,1 млн. тенге түсуі қамтамасыз етілді.

Көлік салығынан қарызы бар азаматтардың қарызын өндіріп алу мақсатында қалаларда ішкі істер органдары қызметкерлері және сот орындаушыларымен біріккен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Павлодар қаласында 2016 жылы рейдттік іс-шаралардың барысында салықтан жалпы сомасы 1098 мың тенгені құрайтын қарызы бар автокөлік иелерінің 6 автокөлігі айыптық автотұраққа қойылды, соның нәтижесінде қарыздың 893 мың теңгесі дереу өндіріліп алынды.

Салықтан қарызын төлеу туралы сот шешімін орындамаған екі азамат, біреуі Май ауданынан, біреуі Павлодар қаласынан, бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

2016 жылы 69,4 млн. теңге қарызы бар 428 адамға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шерге шығуға шек қойылды. 19,2 млн.теңге қарызы бар жеке тұлғалардың 121 жеке шотына шек қойылды

Көлік салығынан 2,3 млн. теңге қарызы бар 39 салық төлеушілердің еңбек ақысынан сот бұйрықтарының негізінде ұсталып отырады.

Мемлекеттік кірістер органдары еңбек күштерін анықтау механизімінбелгілеп, селолық әкімдердің немесе әкімдіктердің жанынан құрылған жұмыс комиссиясы мүшелерінің қатысуымен хронометраждық зерттеулер жүргізіді. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, 2016 жылы селолық әкімдермен бірлесіп, салық есептемелерінде жұмыскерлердік нақты санын көрсету туралы шаруа қожалықтарының басшыларымен тиісті әңгімелер жүргізді.

Жұмыс берушілермен нақты жұмыскерлер саны мен нақты еңбек көлемін жасырмай көрсету туралы жүргізілген әңгімелердің нәтижесінде 182 салық төлеуші 1103 жұмыскер саны көрсетілген қосымша салық еспептемелерін тапсырды, 174 879,5 мың теңгенің еңбек ақысы көрсетіліп, қосымша табыс салығы 20 254,0 мың теңгені, әлеуметтік салық 6 819,5 мың тенгені құрады.

Жүргізілген 93 хронометраждық зерттеулердің нәтижесінде шаруа, фермерлік қожалықтарда егістік науқанында жұмыс істеп жатқан 1167 жалдамалы жұмыскерлер анықталды, олардың еңбек қоры95 971,9 мың теңге екені анықталды. Ал 2015 жыл бойынша салық еспептемелеріне көрсетілген жұмыскерлер саны тек қана 440 болған, яғни қосымша 727 жалдамалы жұмыскерлер анықталды.

Департаменттің экономикалық тергеу қызметі 2016 жылы 352 қылмыстық істі аяқтады, оның 201 ісін сотқа жіберді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша  мемлекеттке келтірілген залалдың құны 3 734 468 мың тенгені құрады, оның 2 783 050,3 мың тенгесі, яғни 74,5% өндіріліп алынды. 

2016 жылғы салықтық тексерістердің нәтижесінде 21 133,1 млн.тенгенің салықтары мен төлемдері қосымша есептелінді. Одан басқа 8 кедендік тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде 418,9 млн.тенге қосымша есептелінді.

Кейінгі 15 жыл ішінде бюджетке түсетін түсімдер көлемі 202,3  млрд.тенгеге өсті, егер 2001 жылы түсімдер көлемі  35,0   млрд. тенге болса, 2016 жылы 237,3 млрд. тенгені құрады, немесе өсім қарқыны 7есе болды.

2016 жылы салық төлеушілерге 619 007 мемлекеттік  қызмет көрсетілді, оның 509 115 қызметі, яғни 82,2% электронды түрде көрсетілді.

2016 жылы Сандж зерттеу орталығының жүргізген зерттеуі бойынша Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары көрсетілген қызметтерінің сапалары бойынша орташа 9,2 балл жинап, жалпы республика бойынша екінші орынға ие болды.

Өткен 2016 жылдың соңында мүліктерді заңдастыру акциясы аяқталды. Мүліктерді заңдастырудың негізгі мақсаты бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарып алған қаражаттарды заңдастыру және Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, мекендер тұруға рұқсаты бар азаматтардың, 2020 жылы басталатын жалпылай декларациялау науқаны алдында мүліктерін заңдастыруға мүмкіндік туғызу болып табылады.

Жалпы Павлодар облысы бойынша құны 1882,6 млн. тенгенің 1192 тұрғын объектілері, 3179 тұрғын емес объектілер, соның ішінде 441 коммерциялық объектілер. Барлық заңдастырылған тұрғын емес объектілердің құны 3825,9 млн. тенгені құрады, соның ішінде 2308,7 млн. тенге коммерциялық объектілердің құны. Сонымен қатар 22 003,5 млн.тенге ақшалай заңдастырылды.

Облыс азаматтарының шет елдердегі 9 тұрғын объектілерінжәне 1 заңды тұлғадағы үлесін заңдастыру туралы 10 декларация табыс етілді.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері миллиардттаған салықтарды жинап, бюджеттің кіріс бөлігін толтыра отырып, облыстың спорттық өміріне де белсене қатысады. Біздің спортшылар облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Біздң әйелдер волейбол командасы республиканың мемлекеттік кірістер органдары арасында бірнеше дүркін чемпионы аталды. Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне орай Департаменттің құрылымдық бөлімшелері арасында спорттық жарыстар өткізілді.

Департаменттің еңбек ардагерлері – зейнеткерлер ерекше құрметте.Мерекелер қарсаңында оларды құттықтау ұйымдастырып, шағын концерттік бағдарлама ұсыну, шай беру, сыйлықтар табыс ету сияқты құрмет көрсету дәстүрге айналды.

Қазіргі уақытта, басқа да мемлекеттік органдардағы сияқты мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне де аттестация өткізу басталды. Бұл аттестация қызметшінің өз қызметінде тиімді жұмыс атқаруда құзыреттілігін анықтайды.Аттестацияның мақсаты тек қана маманның білім деңгейін анықтау емес, қызметшінің потенциалын анықтап,оны әрі қарай карьерлік өсіру мүмкіндігін қарастыру болып табылады.