Date of publication: 30.10.2024 16:14
Date of changing: 01.11.2024 12:42

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауды Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті талқылады.

 

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бірі ретінде айқындалған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары.

 

«Сыбайлас жемқорлық» ұғымы азаматтарымыздың «мемлекеттік қызмет» ұғымымен жиі байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанда мемлекеттік-саяси деңгейге қойылып, тікелей Мемлекет басшысы бақылауына алынған.

 

Бүгінгі күні мүлікті тәркілеу, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру, бас бостандығанан айыру және т.б. кіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді.

 

Семинарға қатысқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) превенция басқармасының басшысы Мереке Абдрахманов Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және оның көріністеріне жол бермеуге шақырды.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары талапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, теріс пайдаланушылыққа және этикалық есем мінез-құлыққа байланысты мәселелер бойынша телефон арқылы жүгінуге құқылы: 32-08-60 – сенім телефоны, 8 (7182) 53-59-00 – Әдеп жөніндегі уәкілдің телефоны.

 

Руслан Рахимберды, Әдеп жөніндегі уәкіл –

Павлодар облысы бойынша МКД басшысының орынбасары