Date of publication: 08.11.2024 17:10
Date of changing: 08.11.2024 17:14

Павлодарда ХXII облыстық Спартакиада бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында стритболдан турнир өтті, оған 9 команда қатысты: 5 ерлер командасы мен 4 әйелдер командасы.

Іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және өңірде көше баскетболын дамыту.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ерлер және әйелдер командалары тұғырдың жоғарғы сатысын иеленді.

Жарыстарда Департаменттің намысын: Жүзбаев Қанат (Павлодар ауданы бойынша МКБ), Кантарбаев Берік ("Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті, Қарабалин Уәлихан (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Карманова Айзада (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Қойшина Атина (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Тунабекова Меруерт (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Турдымбетова Жанар (Павлодар қаласы бойынша МКБ), Өтенова Салтанат (Павлодар қаласы бойынша МКБ) қорғады.

Жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Біздің команданы жеңісімен құттықтаймыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы