Date of publication: 31.12.2024 14:24
Date of changing: 31.12.2024 14:26

2023 жылғы 3 наурыздан бастап елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданыста.

Заң жеке тұлғалардың қарызымен байланысты мәселелерді шешу үшін 3 рәсім ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі – сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қаржылық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шаралар қолданылады. (Заңнын 1-б., 14)-т.).

Борышкерге тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі және (немесе) тұрақты кірісінің болуы сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады. (Заңнын 1-б., 6-т.).

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды бөліп  төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) алуды көздейді. Бұл рәсімнің артықшылығы - одан кейін адамға «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді. (Заңнын 20-б.,2-т.).

 

Павлодар облысы бойынша МКД

дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша басқармасы