
Сұрақ: Көлік салығын қалай төлеуге болады?
Жауап: Салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталының "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" сервисінде, сондай-ақ "e-Salyq Azamat", "Каспи банк" АҚ және "Халық банк"АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында орналастырылатын болады.
Салықты келесілер арқылы төлеуге болады:
- "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы;
- банк картасы арқылы "eGov.kz " порталының "Салықтар және қаржы" бөлімі;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары;
- "Қазпошта" бөлімшелері;
- post.kz "Қазпошта" сайтының "Төлемдер", "Салық төлемдерін төлеу", "Салықтар" бөлімі;
- екінші деңгейдегі банктердің кассалары.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы