
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында (МАӘС) судьялардың, Павлодар облысы бойынша МКД өкілдерінің және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен МАӘС төрағасы Адлет Бақтияровтың басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Салық және кеден даулары бойынша әкімшілік істерді қарау тәжірибесі іс-шараның басты тақырыбына айналды.
– Департамент әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, оларды даулау санын азайту, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру көрсеткіштерін жақсарту үшін сот практикасына талдау жүргізеді, соттардың Мемлекеттік кірістер органдарының пайдасына емес шешімдер қабылдауына себеп болуы мүмкін проблемаларды анықтайды, әкімшілік істерді қарау практикасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, – өз сөзінде заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова атап өтті.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы