Date of publication: 31.03.2017 15:31
Date of changing: 31.03.2017 15:31

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама тәртібіне ауыстырылды, соған сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін, мемлекеттік кірістер органына жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама береді.

Жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны 2-жолмен:

  1. Қазақстан Республикасының Е-License Электрондық лицензиялау порталы арқылы – электронды түрде жіберуге;
  2. немесе Қызмет көрсету орталықтары арқылы – қағаз тасығышта келу жолымен беруге болады.

Бұл ретте рұқсат беру құжаттарын қысқарту мәселесі бойынша Заңымен жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы Куәліктің ұғымын анықтайтын Кәсіпкерлік кодекстің 37-бабы толықтай алынып тасталынды.

Сонымен, мемлекеттік кірістер органдарымен дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуден өткен фактісін растайтын құжатты беру,  туралы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының нормаларымен көзделмеген.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін, ҚР ҚМ МКК электрондық сервисінде орналасқан «салық төлеушілерді іздеу» немесе салық төлеушілер кабинеті сайтынан қарауға болады