Date of publication: 31.03.2017 15:32
Date of changing: 31.03.2017 15:32

АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу туралы

«АСТАНА-1» жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Біріккен ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арасында жасалған келісім шарт негізінде іске асырылады (ЮНКТАД).

Жобаның негізгі  міндеттері болып, Дүниежүзілік сауда үйінің нормаларына сәйкес кеден саясаты мен процедураларын оңтайландыру, халықаралық стандарттар және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізу, экспорт пен импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту, қауіпті басқару мен пост-аудиттің алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу болып табылады.

 «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі қазіргі істеп тұрған 5 кеден жүйесін біріктіреді және уәкілетті органдардың жүйелерімен интеграцияланады, соның нәтижесінде тауарлар декларациясын қағаз жүзінде тапсырмай ақ, электронды түрде тапсыруға мүмкіндік туғызады.    

Тауарлар декларациясын электронды түрде тапсырғанда онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беру қажет емес. Айта кететін жағдай, тауарлардың негізгі бөлігі қауіпті басқару жүйесі арқылы тексеріліп, оның барысында қауіп анықталмаған жағдайда, тауарлар автоматты түрде, лауазымды тұлғаның қатысуынсыз ақ, шығарыла береді.

Сонымен қатар, электронды декларациялауға көшу кедендік құнды және тауарларды классификациялауды кедендік бақылауды тауарларды шығарудан кейін жасау арқылы тауарларды шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады.  

АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін толық енгізу 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап жоспарланып отыр.