
Құрметті салық төлеушілер!
Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.
Есептілік
21 сәуір
2025 жылғы 2-4 тоқсандары үшін 101.02 нысаны бойынша алдыңғы салықтық кезең үшін КТС бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы (2025 жылғы есепті салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей);
2025 жылғы наурыз үшін 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
851.00 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабы (егер 2025 жылғы наурызында жерді пайдалану туралы шарты жасалған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алынған болса);
2025 жыл үшін 870.00 нысаны бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (СК 577-бабының 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер - жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемдерінде І және ІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер 2025 жылғы 21 наурызынан бастап 31 наурызына дейінгі кезеңде рұқсат құжатын алған жағдайда).