
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүргізу барысында шетелдік компаниялардың Павлодар кәсіпорындары алдындағы 1 665 мың АҚШ долларынан астам сомаға орындалмаған міндеттемелерінің фактілерін анықтады.
Павлодар кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін (астық, картоп, күнбағыс тұқымдары және т.б.) экспорттады және экспорттан ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді банктік шоттарға есептемеді.
Резидент "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндетті.
Павлодар қалалық және облыстық соттарының қаулыларымен резидент-кәсіпорындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 215 млн.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соттардың қаулылары заңды күшіне енді.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның тарифтік реттеу басқармасы