Date of publication: 22.04.2025 16:25
Date of changing: 22.04.2025 16:27

Кейбір сауда объектілерінде сатушылар сауда жасағаннан кейін  сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап етеді. Бұл заңды ма?

 

Бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады. Сонымен бірге БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген (Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағы).

 

Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс.

 

Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы