Date of publication: 22.04.2025 16:40
Date of changing: 22.04.2025 16:42

Сұрақ: Менде Қазақстанның бірнеше қалаларында жылжымайтын мүлік бар. Мен барлық пәтерлерімді декларацияда көрсетуім керек пе?

 

 

Жауап: Жоқ, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда тек Қазақстан Республикасынан тыс шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік көрсетіледі.

 

 

Сұрақ: Егер декларация электрондық түрде мемлекеттік кірістер органына жұмыс күні аяқталғаннан кейін жіберілсе, ол мерзімінде ұсынылған болып саналады ма?

 

Жауап: салық есептілігін тапсыру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін мемлекеттік кірістер органдарына телекоммуникациялар желісі арқылы жіберілген электрондық нысандағы салық есептілігі мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы