
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдепті сақтауға, өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге міндетті.
Ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі, сонымен бірге өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтауға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.
Марат Бейсенов, Павлодар облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі