
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Марат Бейсенов Павлодар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының ұжымымен кездесті.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы қызметтік әдеп қағидаларын, ережелері мен нормаларын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарының негізгі жағдайларын талқылады.
– Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуі, әдепсіз мінез – құлық фактілеріне жол бермеуі, өз іс-әрекеттерімен халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуі тиіс, – деп атап өтті Марат Бейсенов өз сөзінде.
Әдеп жөніндегі уәкіл әріптестеріне қызметтік әдепті бұзғаны, өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік қана емес, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы