Date of publication: 13.06.2025 17:47
Date of changing: 13.06.2025 17:49

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура және бірқатар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдауға қатысты.

 

Іс-шара "Заң және тәртіп" идеологиялық платформасын іске асыру аясында өтті.

 

– Азаматтарды қабылдаудың мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, заңнама нормаларын түсіндіру, өзекті мәселелерді анықтау және құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша күш – жігерді біріктіру болып табылады, – деп атап өтті МКД басшысының орынбасары Қанат Ахметбеков.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы