
Соттан тыс банкроттыққа өтінішті "Банк ЦентрКредит" АҚ (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Бұған дейін рәсім ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.
Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.
Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:
- kz қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» → «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.
- «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметін таңдаңыз.
- Қысқаша ақпаратпен танысып, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш» батырмасын басыңыз.
- Тіркелген мекенжайды растаңыз немесе қажет болса өзгертіңіз, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
-
Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз, қажет болған жағдайда келесі бір немесе екі тармақты да белгілеңіз:
- 6 ай бойы әлеуметтік көмек аламын
- Міндеттемелерімді 5 жылдан аса уақыт орындамадым
- Өтініш беру шарттарымен сілтеме арқылы танысыңыз.
- Өтінішті жіберу үшін «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау барысы туралы ақпарат шығады.
- Өтініштің мәртебесін «Тарих» бөлімінен қадағалауға болады.
- Өтініш сәтті өңделсе, пайдаланушы push-хабарлама алады, ал «Тарих» бөлімінде «Орындалды» мәртебесі және мемлекеттік органның сайтына сілтеме көрсетіледі.
- Назар аударыңыз: егер неке туралы куәлік болса, жұбайының/зайыбының келісуі қажет. Егер келісім ағымдағы күннің 23:59-ына дейін берілмесе, өтініш автоматты түрде жойылады.
Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз.
Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы