
Құрметті салық төлеушілер!
2025 жылдың 9 шілде сағат 16.00-де «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктер мен тауарларды, соның ішінде ақылы негіздегі электронды кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу Ережелеріндегі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстелді өткізу орны: Павлодар қаласы, Астана к-сі., 57 үй (5 қабат, конференц-залы).
Құрметті кәсіпкерлер, жүк тасымалдаушылар, сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға және сұрақтарыңызға жауап алуға шақырамыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы