Date of publication: 18.07.2025 17:57
Date of changing: 18.07.2025 18:00

Павлодар облысында 2025 жылдың басынан бастап 5600-ден астам жеке кәсіпкер тіркелген.

Тіркеу

- ЖК міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады-онлайн eGov.kz, e-license.kz порталдар, "Е-salyq бизнес" мобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің Kaspi.kz, Halyk мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

- Тіркеу кезінде салық салу нысанын (оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі, бөлшек салықтың арнайы салық режимі, арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнайы салық режимі, патент негізінде арнайы салық режимі, тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимі) таңдау қажет.

 

ЖК негізгі міндеттері:

1. Жалпыға бірдей белгіленген заңнама шеңберінде қызмет жүргізу.

2. Салық есептілігін уақтылы тапсыру және салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу.

3. Салық есебін жүргізу (салық салу режиміне байланысты).

 

Салықтар және міндетті төлемдер:

Салық салу режиміне байланысты ЖК мыналарды төлеуге міндетті:

- Жеке табыс салығы (ЖТС), бюджеттік сыныптама коды (БСК 101202);

- Әлеуметтік салық (ӘС), БСК 103101;

- Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), БСК 901101;

- Әлеуметтік аударымдар (ӘА), БСК 902101;

- Міндетті медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ), БСК 904101;

- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), БСК 905101;

- ҚҚС-белгілі бір айналымнан асқан немесе ерікті тіркелген кезде;

- Жалдамалы жұмыскерлер болған кезде ЖТС және әлеуметтік төлемдерді (МЗЖ, МӘМСЖ, МӘМСА, ӘС, ЖМЗЖ) аударуды жүргізуге.

 

Салық кезеңі:

- Патент – 1 айдан 1 күнтізбелік жылға дейін;

- Тіркелген шегерім-күнтізбелік жыл;

- Арнайы мобильді қосымша-1 ай;

- Жалпы белгіленген режим-күнтізбелік жыл;

- Оңайлатылған декларация – жартыжылдық.

 

Есеп беру мерзімі:

- Патент-патент алған кезде;

- Тіркелген шегерім – тоқсан сайын (1 тоқсан үшін 15 мамырдан кешіктірмей; 2 тоқсан үшін 15 тамыздан кешіктірмей; 3 тоқсан үшін 15 қарашадан кешіктірмей; 4 тоқсан үшін 15 ақпаннан кешіктірмей), жыл сайын-келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (2025 жыл үшін 31.03.2026 жылдан кешіктірмей);

- Арнайы мобильді қосымша – есептілік қарастырылмаған;

- Оңайлатылған режим – жартыжылдықта бір рет (1 жартыжылдық үшін 15 тамыздан кешіктірмей, 2 жартыжылдық үшін 15 ақпаннан кешіктірмей);

- Жалпыға бірдей белгіленген режим – тоқсан сайын (1 тоқсан үшін 15 мамырдан кешіктірмей; 2 тоқсан үшін  15 тамыздан кешіктірмей; 3 тоқсан үшін  15 қарашадан кешіктірмей; 4 тоқсан үшін 15 ақпаннан кешіктірмей), жыл сайын – келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (2025 жыл үшін 31.03.2026 жылдан кешіктірмей).

Өзекті мерзімдерді portal.kgd.gov.kz сайтында немесе салық төлеушінің кабинетінде тексеріңіздер.

 

Салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеу мерзімдері:

- патент бойынша – патент алған кезде;

- тоқсан сайынғы салықтар: 1 тоқсан үшін 25 мамырдан кешіктірмей; 2 тоқсан үшін 25 тамыздан кешіктірмей; 3 тоқсан үшін 25 қарашадан кешіктірмей; 4 тоқсан үшін 25 ақпаннан кешіктірмей;

- жыл сайынғы салықтар – келесі жылдың 10 сәуірі (2025 жыл үшін 10.04.2026 жылдан кешіктірмей);

- арнайы мобильді қосымшада ЖТС келесі айдың 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді (қаңтар үшін 25 ақпаннан кешіктірмей, ақпан үшін 25 наурыздан кешіктірмей және т. б.);

- оңайлатылған режимде ЖТС пен ӘС -  25 тамыздан және 25 ақпаннан кешіктірілмей төленеді;

- МЗЖ, МӘМСЖ, МӘМСА, ӘС, ЖМЗЖ – келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей (қаңтар үшін 25 ақпаннан кешіктірмей, ақпан үшін 25 наурыздан кешіктірмей және т.б.).

 

Электрондық қызметтер:

- Салық кабинеті (cabinet.salyk.kz, knp.kgd.gov.kz) – дербес шоттарға кіру (есептеулер, берешектер туралы мәліметтер), хабарламаларды алу, өтініштер мен есептіліктерді жіберу және т. б.;

- eGov.kz – ЭЦҚ алу, лицензияға өтініш беру, лицензия алу, мемлекеттік бажды төлеу, есептілік пен өтініш беру, салықтарды, төлемдерді есепке алу және қайтару және т. б.;

- e-salyq Azamat (мобильді қосымша) – хабарламалар алу, салықтарды төлеу, салық берешегінің жоқ болуы, кірістері туралы анықтамалар алу және т. б.

Ұсыныстар:

- Есеп беру және салық төлеу мерзімдерін мұқият қадағалаңыз;

- Барлық тапсырылған есептер мен түбіртектердің көшірмелерін сақтаңыз;

- Салық төлеушінің кабинетіндегі хабарламаларға жазылыңыз;

- Салық төлеушінің кабинетіне апта сайын кіріңіз;

- Техникалық ақаулар кезінде скриншоттар жасап және/немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы