Date of publication: 23.07.2025 17:33
Date of changing: 23.07.2025 17:36

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кедендік реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтті.

Басты тақырып "Астана-1" және "Е-терезе" платформаларын біртіндеп алмастыратын "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін енгізу болды.

– Экспресс-жүктерді, транзиттік декларацияларды ресімдеу, жолаушылар кедендік декларациясын және халықаралық почта жөнелтілімдерін беру модульдері жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері "Кеденде" 2600-ден астам транзиттік декларация ресімделді. Жүйе басқа елдердің – Грузия, Әзірбайжан және Өзбекстанның ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, бұл баға манипуляцияларын және құжаттарды бұрмалауды анықтауға мүмкіндік береді, – деді кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Тілектес Түсетаев.

Жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарлардың құндық, салмақтық және сандық нормалары, 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын қолма – қол шетел валютасын әкетуге тыйым салатын "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Президенттің Жарлығының әрекеті жайында "Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің басшысы Төлеш Жүнісовтың сөзінде айтылды.

Журналистердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы