Date of publication: 25.07.2025 13:26
Date of changing: 25.07.2025 13:30

Мемлекет басшысымен 2025 жылдың 15 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

 

2025 жылғы  1 қаңтардан бастап міндетті декларациялаудан алғашқы үш кезеңіне кірмеген азаматтар босатылады:

  • зейнеткерлер;
  • жеке құрылымдардың қызметкерлері;
  • студенттер;
  • үй шаруасындағы әйелдер;
  • және басқалар (шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары болмаған кезде).

Бұдан басқа, бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдардан декларацияны тапсыру міндеттемесі алынып тасталды.

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан) кім ұсынуға міндетті:

1) сайланбалы және мемлекеттік қызметке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары);

2) банктің, бағалы қағаздар мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары мәртебесіне болуға ниет білдірген тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары);

3) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

4) цифрлық активтері болған жағдайда ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;

5) ҚР тыс жерде келесі мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері:

- мүлік, көлік құралдары, жер;

- шетел компанияларда қатысу үлесі;

- айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада шетелдік банктердегі банк шоттарында ақша (2024 жылы АЕК – 3692 теңге, 1000 х 3692 = 3 692 000тг.);

- инвестициялық алтын;

- тұрғын-үй құрылысына қатысу үлесі;

- эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

- шетелдегі брокерлік шоттардағы ақша;

- авторлық құқық, зияткерлік меншік объектілері;

-  жеке тұлғалар алдында басқа тұлғалардың дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында берешегі (растау құжаттарын қоса бере отырып);

- құны 1000 АЕК асатын (бағалау құны бар болған жағдайда, 2024 жылы бұл 3 692 000 теңге) басқа мүлік (еркі бойынша);

 

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) кім ұсынуға міндетті:

1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, олардың жұбайлары (зайыптары);

2) банктің, бағалы қағаздар мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, олардың жұбайлары (зайыптары);

3) жарғылықты капиталдың (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамына иелік ететін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);

4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда жеке тұлғаның дербес салық салынуға жататын кірістер алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден алынған кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалған операциялардан алынған кірістер; төлем көзінен салық ұсталмайтын басқа кірістер);

6) жиынтығында 1000 АЕК еселенген мөлшерінен асатын сомада шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар тұлғалар;

7) шетелде активтері (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФИ, инвестициялық алтын, шетел компаниялардағы үлесі, тұрғын-үй құрылысындағы үлесі) бар тұлғалар;

8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

9) ҚР және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 АЕК еселенген мөлшерінен (мысалы: 2025 жылы АЕК = 3932 теңге, 20 000 х 3932 = 78 640 000 теңге) асатын мүлік сатып алған тұлғалар;

10) салық агентіне алдын-ала салықтық шегерім қолдану туралы өтініш білдірген тұлғалар.

 

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

Электрондық түрде:

- Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz);

- «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz);

- Moldir.qoldau.kz, «eSalyq Аzamat», Halyk, bcc.kz Банк Центркредит, eGov mobile, Kaspi банк мобильді қосымшалары арқылы табыс етуге болады.

Қағаз тасығышта:

- мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен;

- ХҚКО-ларға;

- хатпен пошта арқылы ұсынуға болады.