
Салық төлеушінің жаңа құқықтары:
Ұсынылған құжаттар негізінде өз міндеттемелері бойынша түсініктеме алу құқығы қамтамасыз етіледі.
Деңгейлес мониторингке қатысушылар үшін жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсініктемелер алу мүмкіндігі пайда болады.
Белгіленген тәртіп бойынша салық төлеу мерзімін ұзартуға өтініш беру құқығы қарастырылған.
Белгілі бір жағдайларға биометриялық сәйкестендіру енгізілді.
Билік ету шектелген мүліктің (табиғи тозуды қоспағанда) өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз ету.
Қоғамдық тамақтану және сауда объектілері үшін:
Кассаның жанында және көрінетін жерде салық төлеушінің төлқұжатын (бизнес туралы мәліметтері бар ақпараттық карта) орналастыру міндеті енгізілді. Бұл төлқұжат Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылады.
Құқықтардан не алынып тасталды:
Қағаз бланкілерін және салық есептілігінің бағдарламалық қаматамасыз етуді тегін алу.
Деңгейлес мониторинг нәтижелеріне шағымдану құқығы.
Ақпараттық жүйеден контрагенттің сенімділігі мен адалдығы туралы ақпарат алу.
Салық органына хабарламалар үшін телефондары мен e-mail-ды хабарлау мүмкіндігі.
Салық агенттері интернет-платформа операторы атынан осыдан былай арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтарды ұстамайды.
Өзгерістердің мақсаты: ашықтықты арттыру, көлеңкелі экономиканы төмендету, дербес деректерді қорғау, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды оңайлату.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы