
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық басқармалардың қызметкерлері үшін "Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың негізгі мәселелері" тақырыбында ZOOM платформасында онлайн-техникалық оқу өткізді.
Оқудың негізгі мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, әкімшілік заңнаманы қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде практикалық дағдыларды жетілдіру болды.
Оқу барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ оны нақты жұмыс жағдайларында қолданудың неғұрлым өзекті мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Заң бөлімінің басшысы Әсем Дүйсембекова өз сөзінде заңнаманы практикалық түсіндіруге, сондай-ақ әкімшілік рәсімдер шеңберінде мемлекеттік органдардың азаматтармен және кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимылына байланысты мәселелерге ерекше назар аударды.
Заң бөлімінің қызметкерлері сот практикасын зерделеуге ерекше назар аударды. Қатысушыларға соттар қараған істердің нақты мысалдары ұсынылды, судьялардың ұстанымдары талданды, заңнаманы қолдануда жиі кездесетін қателіктер анықталды және оларды одан әрі жұмыста болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шараға қатысушылар талқыланған тақырыптың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы