
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Екібастұз қаласы, Успен және Железин аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында семинарлар өтті.
Іс-шара барысында арнайы салық режимдерінің өзгеруі, қосылған құн салығы және басқа сұрақтар қарастырылды.
Семинарға қатысушы – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары өз сұрақтарына жауаптарын алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы