Date of publication: 23.09.2025 11:57
Date of changing: 23.09.2025 12:00

2025 жылғы 21 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін көліктің барлық түрлерімен әкелуге 3 ай мерзімге тыйым салу енгізілді (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығы)

 

Тыйым салу өнімнің келесі түрлеріне таратылады:

 

- тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6801000000);

- ескерткіштер немесе құрылысқа гранит және олардан жасалған, кесілген немесе жанап кесілген, беті тегіс бұйымдар үшін (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802230000)

- гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802931000);

- ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802939000).

 

Уақытша тыйым салу отандық кәсіпорындардың жүктелуін қамтамасыз етеді және ішкі нарықты қорғайды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы