Date of publication: 26.09.2025 15:04
Date of changing: 26.09.2025 15:06

Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Камералдық бақылау: салық төлеушілер нені білуі керек" тақырыбында брифинг өтті.

 

Камералдық бақылау дегеніміз не, оның алдында қандай міндеттер тұр, хабарламаларға қалай жауап беру керек және 2026 жылдан бастап не өзгереді – бұл туралы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Сембаева айтып берді.

 

– 2025 жылдың 8 айы ішінде салық төлеушілерге 13 мыңнан астам хабарлама жіберілді. Бұзушылықтар 10 500-ден астам салық төлеушілерде шамамен 500 млрд. теңге сомаға анықталды. Камералдық бақылау қорытындысы бойынша 15 млрд. теңгеден астам сомаға қосымша салық есептілігі ұсынылды, бюджетке шамамен 14 млрд. теңге өндірілді. Біз салық төлеушілерді камералдық бақылау хабарламаларына мұқият қарауға, оларға уақтылы жауап беруге және қажет болған жағдайда түсініктеме алуға шақырамыз. Бұл шоттарды бұғаттаудан, тексерулерден және басқа да ықпал ету шараларынан аулақ болуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ғалия Сембаева өз сөзінде.

 

Кездесу барысында БАҚ өкілдері өзекті сұрақтарға жауап алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы