
Павлодарда мақсаты бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылау, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ бірлескен шешімдер әзірлеу болған маңызды іс-шара – бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, бизнес-қоғамдастықтың, өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
- Департаменттің жұмысы барлық бизнес субъектілері үшін тең жағдай жасауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және салықтық және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Біз процестерді цифрландыруға тексерулерді төмендетуге ұмтыламыз және диалогқа ашықпыз. Кәсіпкерлердің жауапты ұстанымына үміттенеміз, - деп атап өтті аудит басқармасының басшысы Мұрат Жұмабеков.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. Бизнес-қоғамдастық өз кезегінде осындай іс-шараларды тұрақты өткізуге қызығушылық білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы