
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында семинар өтті.
Семинар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қаралды. Салықтық жеңілдіктер, салықтық есептілік нысандарын қысқарту, сараланған салық мөлшерлемелері, ЖТС мөлшерлемелері, ҚҚС реформалау, салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар ашық диалог форматында өтті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыруға және қолдауға, іскерлік белсенділікті дамытуға, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.
Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы




























