Date of publication: 09.10.2025 13:27
Date of changing: 09.10.2025 13:28

Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұрболат Нұрахметов қатысты.

 

Брифингті аша отырып, Нұрболат Нұрахметов мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі – цифрлық   технологияларды белсенді енгізу екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90% - дан астамы электрондық форматқа ауыстырылды. Қызметтердің 42 түрінің 39 немесе 93%-ы электронды түрде ұсынылады.

 

- 2025 жылдың 9 айы үшін Департаментпен 330 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына" сәйкес белгіленген мерзімде ұсынылған, - деп атап өтті Нұрболат Нұрахметов.

 

Баспасөз конференциясы барысында спикер БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

         Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы