Date of publication: 14.10.2025 16:42
Date of changing: 14.10.2025 16:43

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті тіркелуге жататынын еске саламыз.

 

Қандай жекелеген қызмет түрлері міндетті тіркеуге жатады?

- бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіру;

- бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;

- этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiру;

- алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;

- темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізу;

- ойын бизнесi;

- Салық кодексінің 462-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау);

- тауарлармен электрондық сауда.

 

Егер сіз осы қызмет түрлерінің бірін жүргізсеңіз, https://www.elicense.kz сайт арқылы хабарландыруды тіркеу және беру міндетті болып табылады.

 

 Тіркеу мерзімі 3 жұмыс күні ішінде:

- хабарлама берілген күннен бастап;

- немесе (лицензияланатын қызмет түрлері үшін) рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінен мәліметтер алғаннан кейін.

 

Хабарламаны қалай беруге болады?

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:

- elicense.kz арқылы электронды түрде;

- қағаз нысанда – объектінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына.

 

Жүйелердің жаңа интеграциясы

Қазіргі уақытта "ИСНА" ақпараттық жүйелері мен elicense.kz арасында автоматтандырылған деректер алмасу жұмыс істейді. Бұл тіркеуді жылдамдатады және процесті жеңілдетеді. Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін мекен-жайдың тіркеу коды (МТК) болуы қажет.

Егер жылжымайтын мүлік объектісінде МТК болмаса, онда мекен-жайды тағайындау үшін сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгіну немесе https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mps сілтеме бойынша "Электрондық үкімет" порталына өтінім беру қажет.

 

Сонымен бірге, өтініш берушіге "Электрондық үкімет" порталында https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir сілтемесі бойынша жылжымайтын мүліктің мекен-жайын нақтылау (тағайындау/жою) туралы анықтама қол жетімді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы