Date of publication: 31.10.2025 17:37
Date of changing: 31.10.2025 17:40

Қазақстанның басқа қалаларында сияқты Павлодарда да "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы өтті, оның шеңберінде әрбір тілек білдіруші тегін білікті кеңес ала алды.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, проблемалық мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ "Заң және Тәртіп" идеологемасын ілгерілету.

Іс-шара барысында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов азаматтарды қабылдап, салықтық әкімшілендіруге қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Халық заңгері" акциясы 2016 жылдан бастап бүкіл ел бойынша тұрақты негізде өткізіліп келеді және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы