Date of publication: 27.11.2025 17:23
Date of changing: 27.11.2025 17:24

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеу шараларының туралы еске салады.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 415 және 416 "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" жаңа бұйрықтарына сәйкес 5 қарашадан бастап ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге тыйым салынды. Сондай-ақ қой мен ешкіні әкетуге сандық шектеулер (квоталар) белгіленді. Квоталау шеңберінде 120 мың бас 4 айдан асқан еркек тоқты мөлшеріндегі тірі қойлар мен ешкілерді экспорттауға рұқсат етіледі.

Тыйым салу мен шектеулер 2026 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады.

Шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты тұрақтандыру және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу мақсатында енгізілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы