Date of publication: 10.12.2025 11:09
Date of changing: 10.12.2025 11:13

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Баянаул ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында семинар өтті.

Семинар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қаралды. Салықтық жеңілдіктер, сараланған салық мөлшерлемелері, ЖТС мөлшерлемелері, ҚҚС реформалау, салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлердің назары салық есептілігінің нысандарын (СЕН) қысқартуға аударылды.

– Жаңа Салық кодексі шеңберінде СЕН саны 30%-ға қысқарады, қолданыстағы 39 СЕН-ның 12-сі жойылады. Бұл 101.01 (автоматтандыру), 180.00 (100.00-де қосымша болады), 240.00 (270.00-де қосымша), 421.00 (400.00-де қосымша), 540.00 (100.00-де қосымша), 560.00 (590.00-де қосымша), 570.00 (590.00 нысанының қосымшасы), 701.00, 871.00 СЕН-нен шығарылады), 911.00, 912.00, 913.00. СЕН белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, мұндай СЕН 0-дік көрсеткішпен ұсынылған болып есептеледі. Салық төлеуші осы салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсына алады. Осыған байланысты салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту көзделмеген. Сонымен қатар, салық есептілігін кері қайтарып алу да қарастырылмаған. Барлық өзгерістер қосымша декларациялар арқылы жүргізіледі, – деп атап өтті мамандар.

Семинар ашық диалог форматында өтті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыруға және қолдауға, іскерлік белсенділікті дамытуға, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.

Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

         Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы