Date of publication: 27.04.2017 11:52
Date of changing: 27.04.2017 12:13

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы аудит басқармасының бас маманы Исенбекова Нәзипа Қөшімқызын құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды. Оған департаменттің ұжымы толықтай қатысып, әріптестері құттықтау сөз айтып, жылы тілек-лебіздерін білдірді.

Исенбекова Нәзипа Қөшімқызы, мамандығы экономист-қаржыгер, салық саласындағы қызметін 1993 жылы Павлодар облысы бойынша Салық инспекциясының жанама салықтар бөлімінің бас салық инспекторынан бастаған. Еңбек жолының ширек ғасырын салық департаментіне, оның ішінде аудит басқармасына арнап, кейінгі жылдары Мемлекеттік кірістер департаментінің аудит басқармасында қызмет еткен.

Нәзипа Қашымқызы – өзінің тыңғылықты әрі адал еңбегінің арқасында ұжым ішінде үлкен құрметке ие болды. Қызметіне жаңадан кіріскен жас қызметкерлерге білгенін үйретіп, ұстаз да бола алды. Әрқашан үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білді, өз ісінің нағыз шебері бола тұра, басқаларға өнеге көрсетті. Бұл оның бойындағы жоғары адами құндылықтарын көрсетеді.

Құрметті Нәзипа Қөшімқызы! Бүгін Сіз өмірдің бір белесінен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне бөленіп, әдемі ғұмыр кешіңіз! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа толы болсын!