
Сұрақ: 2026 жылы жеке тұлғалар үшін ЖТС-тан қандай негізгі өзгерістер қарастырылған. Шегерім 30 АЕК дейін ұлғайтылды деген рас па?
Жауап: 2026 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығына (ЖТС) салық салу тәртібінде бірқатар өзгерістер көзделген.
- Зейнетақы төлемдерін ЖТС-тан босату
Зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерін ЖТС салудан босату көзделген.
- Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімін ұлғайту
Жалақыдан ЖТС есептеу кезінде, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын ЖК-ның, егер жеке тұлғаның I немесе II топтағы мүгедектігі болса, әлеуметтік салық шегерімі қолданылады. 2025 жылы шегерім мөлшері 882 еселенген АЕК (3 468 024 теңге) құрады. 2026 жылдан бастап мөлшері 5 000 еселенген АЕК-ке (21 625 000 теңге) дейін ұлғайтылды.
- Стандартты салық шегерімін ұлғайту
2025 жылы жалақыдан ЖТС есептеу кезінде айына 14 АЕК (55 048 теңге) мөлшерінде стандартты шегерім қолданылды. 2026 жылдан бастап бұл шегерім айына 30 АЕК (129 750 теңге) дейін ұлғайтылды, яғни төлеуге жататын ЖТС сомасы азаяды.
- Жылжымайтын мүлікті сатудан түскен табысқа салық салудағы өзгерістер
2026 жылдан бастап, егер тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын немесе гараждарды сату кезінде сату мен сатып алу құны арасында оң айырмашылық пайда болса және сатып алу күнінен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе (2026 жылға дейін – бір жыл), мұндай айырмашылық мүліктік табыс деп танылады. Көрсетілген табыстан ЖТС 10% ставка бойынша төлеу қажет болады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы




























