
Құжат 2026 жылғы 13 ақпанда Әділет министрлігінде тіркелді (№37975).
Бұл шара кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайту және қарыздарын қосымша санкцияларсыз реттеуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.
Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің (негізгі қарыздың) толық сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда:
- толық өтеген күнге дейін есептелген өсімпұлды қоса алғанда, барлық өсімпұл есептен шығарылады;
- берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;
- сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезеңінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін.
Көрсетілген шараларды қолдану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей толық төлеу қажет.
Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялардың дербес шоттарды тексеруі нәтижесінде жүзеге асырылады.
Қабылданған Қағидалар кәсіпкерлерге бұрынғы берешектерін қосымша қаржылық шығындарсыз жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және алдағы уақытта санкциялар есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бизнес үшін салықтық міндеттемені реттеу мен жинақталған өсімпұлдар мен айыппұлдарсыз жұмысын бастауға нақты мүмкіндік.
НҚА толық мәтінімен https://zan.gov.kz/client/#!/doc/222079/kaz сілтеме арқылы танысуға болады.




























