
«Халық бухгалтері» республикалық акциясы 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, өз жұмысын жалғастыруда. 2026 жылғы наурыз айынан бастап кеңес берулер аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Қабылдау мемлекеттік кірістер басқармаларында офлайн форматта жүзеге асырылады.
Акция аясында салық төлеушілер «Қазақстан бухгалтерлері мен бухгалтерлік ұйымдар одағы» кәсіби ұйымының мүшелерінен, сондай-ақ Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларының мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандарынан тегін бетпе-бет кеңестерді ала алады. Аудандық басқармаларда жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру үшін жауапты мамандар бекітілген.
2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдарының мамандары 64 кеңес беру күндерін өткізді. Осы кезеңде шамамен 5700 салық төлеуші кеңес алып, 10 000-нан астам сұрақ қойылды. Бұл форматтың сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Ең өзекті мәселелер тиімді салық режимін таңдау мен өтпелі кезеңге, салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерге, электрондық шот-фактураларды жазуға, ҚҚС бойынша шекке, АСР мен ЖБТ кезінде ҚҚС бойынша есепке қою және шешуге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлеріне және салық заңнамасының басқа аспектілеріне қатысты болды.
Кәсіпкерлер мен азаматтарды тегін кәсіби кеңес алуға және салық сауаттылығын арттыруға шақырамыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы




























