Date of publication: 11.03.2026 10:26
Date of changing: 11.03.2026 10:30

Құрметті салық төлеушілер!

 

2026 жылғы 11 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «КТС бойынша өзгерістер. Аванстық төлемдер» тақырыбына тікелей эфир өтеді.

Спикер: камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Темірбекқызы сөз сөйлейді.

Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Толеген Білялұлы.

Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы