Date of publication: 27.03.2026 08:33
Date of changing: 27.03.2026 08:46

Құрметті салық төлеушілер!

 

2026 жылғы 27 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «ЕАЭО елдерінен тауарларды өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу ережесі» тақырыбына тікелей эфир өтеді.

Спикер: кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Николай Николаевич Ермошин сөз сөйлейді.

Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Білялұлы.

Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы