Date of publication: 30.03.2026 19:40
Date of changing: 30.03.2026 19:41

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 14 сәуірден бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру рәсімін біріздендіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өткізіледі.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 14 сәуірге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар (нормативтік құқықтық актілерде, жұмыс процестерінде, салықтық және кедендік әкімшілендіруде, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және т.б.) туындаған проблемалық мәселелерді a.dzhagaparova@kgd.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 53-53-51 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Павлодар облысы бойынша МКД адами ресурстар басқармасы