
Құрметті облыс тұрғындары!
Автокөлік иелеріне үндеу жасаймын.
Бүгінгі таңда өңірде 147 мыңнан астам автокөлік иесі тіркелген. Бұл ретте олардың шамамен 46%-ының көлік салығы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асатын берешегі бар.
Салықты төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталғанын естеріңізге саламын. Барлық борышкерлерге хабарламалар жіберілді және мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданады.
Полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Берешек анықталған жағдайда, қарыз толық өтелгенге дейін автокөлік айыппұл тұрағына қойылуы мүмкін.
Салық көлемі дербес есептелетінін атап өткім келеді. Бұны Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.
Баршаңызды салықтық міндеттемелерді уақтылы орындауға шақырамын. Бұл айыппұл санкциялары мен қосымша шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.




























