
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 2 шілдеде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Кедендік тексерулер» тақырыбына тікелей эфир өтеді.
Спикер: Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Мапитова Мария Талғатқызы.
Модератор: Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.
Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы




























