Date of publication: 30.07.2026 16:00
Date of changing: 30.07.2026 16:02

«ЭШФ» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) және электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) бланкілері жаңартылды.

Құжаттардың жаңа үлгілерімен дұрыс жұмыс істеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- ERP-жүйелерін пайдаланушылар үшін: конфигурациялар мен интеграциялау механизмдерінің өзекті жаңартуларын орнату ұсынылады;

- Web-портал пайдаланушылары үшін: браузердің кэші мен тарихын тазалап, «ЭШФ» АЖ-ге қайта кіру ұсынылады.

Осы ұсыныстарды орындау құжаттарды рәсімдеу және жіберу кезіндегі қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.