Date of publication: 19.08.2026 17:35
Date of changing: 19.08.2026 17:37

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 80-бабына сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босатылады:

- Тұрақты халықаралық тасымал көлігі – жүктерді, багажды және жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдары, сондай-ақ оларды жол бойында пайдалану үшін қажетті мүлік (жабдықтар, отын, азық-түлік) және осы көлік құралдарының апарын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелде алынған мүлік.

- Теңіз кәсіпшілігі – теңіз кәсіпшілігін жүргізетін қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалға алған теңіз кемелерінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін мүлік, сондай-ақ ҚР аумағына әкелінетін олардың кәсіпшілік өнімі.

- Валюта және бағалы қағаздар – ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталарды қоспағанда), сондай-ақ бағалы қағаздар.

- Гуманитарлық көмек – гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда).

- Кайрымдылық және техникалық көмек – мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайрымдылық көмек (соның ішінде техникалық жәрдемдесу) мақсатында әкелінетін тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда, медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерден бөлек).

- Ақша белгілерін өндіруге арналған шикізат – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін өндіру үшін әкелетін шикізат.

- Дипломатиялық тауарлар – шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын, олармен бірге тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес босатылатын тұлғалардың жеке пайдалануы үшін әкелінетін және әкетілетін тауарлар.

- Гранттар есебінен алынатын тауарлар – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар берген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын мүлік пен тауарлар.

Назар аударыңыз:

Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік деклорациялау үшін кедендік төлем төленбейді.

Кедендік төлемдерді төлеуден босату үшін құжаттарды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы